Vogue Қазақстанды саяхаттауға лайық үздік 14 елдің қатарына қосты
Халықаралық Vogue басылымының редакторлары Қазақстанды 2025 жылғы әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың бірі деп атады.
Астана, NEGE. The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 іріктеуінде басылым командасы бір жылдағы саяхаттарын қорытындылап, жақсы әсер қалдырған бағыттарды атап өткенін Kazakh Tourism компаниясы хабарлады.
Басылымның жазуынша, Қазақстан табиғи ландшафттар, аутентикалық мәдениет және қалалық ортаның үйлесімімен ерекшеленеді.
«Осы күзде мен бір жылдан астам уақыт бойы Reels лентасында маза бермеген бағытқа ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жол мен екі рет ауысып мінгеннен кейін Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл – қандай да бір адамдардың үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ соған әбден лайық мекен», – деп жазады редакторлардың бірі.
Алматының әр алуан ерекшеліктері Vogue редакторларының назарын аударған: қаланың сәулеті мен заманауи қалалық кеңістіктері, Іле Алатауы тауларының көркем пейзаждары мен ұлттық тағамдар.
Бұл тізімге көрші Қырғызстан да енген.