Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

– Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр