Путин КСРО құрамынан шыққан республикаларға «қандай сыйлық» жасағанын айтты

Ресей президенті Владимир Путин КСРО құрамынан шыққан республикаларға қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ол «Россия 1» телеарнасындағы Павел Зарубиннің «Россия. Кремль. Путин» фильмінде айтты.

Путин Кеңес Одағы құрылған кезде республикалардың келісімнен шығу құқығы белгіленгенімен, бұл тәртіп реттелмегенін атап өткен.

«Кеңес Одағы құрылған кезде келісімшартта шығу құқығы көрсетілді. Алайда рәсім жазылмаған. Осы жерде сұрақ туындайды: республика Кеңес Одағының құрамына кірсе, бірақ Ресейдің көптеген жерін, яғни Ресейдің тарихи территорияларын өз қолдарына алды.  Алайда Одақтан шығуға шешім қабылдады. Өзімен бірге орыс халқының сыйлықтарын алмай, қалай келсе, солай қайтуы керек еді. Алайда мұның барлығы жазылмаған. Мен қолданыстағы Конституцияға түзетулер енгізіп, дұрыс істеп жатқанымызға сенімдімін», - дейді Ресей Президенті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады