Владимир Божко сауатсыз ба?
Мәжіліс депутаты Владимир Божко Омар Хайямның нақыл сөзін әлеуметтік желіде грамматикалық қателермен жариялады.
Бұл туралы Арман Шораев өзінің фейсбук парақшасында жариялаған болатын.
Божконың әлеуметтік желідегі жазбасында әріп қателері кеткен. Кейіннен ол бұл жазбасын желіден алып тастаған.
Естеріңізде болса, мәжіліс депутаты бүгін өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.
– Болды, баршаңызға рахмет. Тіпті, бұл туралы мен Facebook-те де жаздым. Мырзалар, болды, тынышталыңыздар. Әлдекімдер менімен алысып, үнемі зейнетке жіберумен болды. Болды, кетемін, – деді Божко.