Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайты.

Ақорда

Алматы, NEGE. Жеделхатта Путин былай деп жазған:

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту ісіне қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Біздің мемлекеттер арасындағы бұл қарым-қатынас бауырлас халықтардың игілігі үшін әрі қарай да жемісті дамитынына сенімдімін.
Сізге шын көңілден зор денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметте табыс тілеймін.»

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырда 72 жасқа толды. Ақорда бұған дейін Мемлекет басшысы туған күнін атап өтпейтінін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды