Виза алу жеңілдеді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Шетелдікті шақырту" қызметін электрон форматқа көшірді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Министрліктің мәліметінше, виза жасату процедурасы әрбір шетелдікті әуреге салады – құжат жинау, Қазақстан елшілігіне келіп, құжаттарды күтіп, 30 немесе одан да көп күнге жалғасатын уақытты күту. Ал енді бұл қызметті онлайн пайдаланып, визаны 5 күнде визалық-көші-қон порталынан алуға болады. Мұнда жеке кабинетте мына деректерді толтыру қажет: - өтінішті толтырып, шетелдікке қатысты мәліметтерді жазып шығу; - электронды үкімет арқылы мемлекеттік баж салығын (әр адамға 0,5 АЕК-тен) төлеу; – 5 күннен соң жеке кабинетіңізде 10 саннан тұратын тіркеу нөмірі тұрады, сол нөмірді шетелдікке жолдау керек болады; – осыдан кейін шетелдік визалық-көші-қон порталда өтініш толтырады да, оған 15 минут ішінде электронды виза жолданады; – сол визаны басып шығарып, Қазақстан шекарасында паспорт бақылауынан өткенде көрсетуге болады.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады