Вице-министр жаңа жыл алдында сауда жасап ақша тапқанын айтты

Сауда вице-министрі Айдар Әбілдабеков Үкіметтегі баспасөз жиынында өзінің жаңа жыл қарсаңында қалай сауда жасап, ақша тапқанын айтып берді.

Gov.kz

Астана, NEGE. Журналистердің мереке қарсаңындағы азық-түлік бағасына қатысты сауалына жауап берген ол, 90-жылдары өзі де саудаға шыққан сәтінен мысал келтірді.

«Алғаш жаңажылдық саудаға шығып, екі-үш күнде тапқан ақшам бүкіл айлық табыстан да көп болды. Елестетіңіздерші, 29 желтоқсаннан бастап табыс қаншалықты өседі? Егер тауар аздап жетіспей қалса, мысалы, жол қатып, жүк көлігі келе алмай қалса, сатушының бағаны сәл көтергісі келетін сәті әрқашан болады, өйткені сұраныс жоғары болғандықтан, бәрібір сатып алады. Мұндай жағдай әрқашан болады», – деді ол. 

Вице-министр мұндай сауда тетіктерін мемлекет қадағалай алмайтынын айтты. 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты