Виталий Щиголев конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында алтын алды

Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының спортшысы ерлер арасындағы масс-старт сайысында топ жарды. Щиголевтің мәреге жеткен уақыты – 8:22.05.

Екінші орынды канадалық Дэвид Да Ру (8:22.12) иеленсе, үздік үштікті тағы бір канадалық спортшы Хэйден Майер (8:22.77) толықтырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта тағы бір күміс пен қола жүлдені қоржынға салды. Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта екінші орын алса, әйелдер командасы командалық жарыста үшінші орынға табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?