«VISIT-SHYMKENT.KZ» порталынан 130 мыңнан аса қызмет алынған

Туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Visit-Shymkent.kz» сайты мен бағдарламасын қолданушылар саны күн санап артуда.

Шымкент, NEGE. Қазіргі таңда туристік порталға қала аумағындағы 300-ден астам туристік фирма, агенттік және нысан енгізілген. Портал арқылы түрлі мәдени нысандарға 38 мың 414 билет сатып алынған. Ал, сайттың іздеу жүйесін 72 мыңға жуық адам пайдаланған. Қолданушылар қатарын ҚР азаматтары ғана емес, ТМД елдері және шетел азаматтары да құрайды. Жалпы бүгінгі күнде бағдарламаны жүктеп алушылар саны 1000-ға жуықтаса, қызмет көрсету саны 130 мыңнан асқан.

Аталған жоба тұрғындар мен қонақтарға қала аумағында болып жатқан мерекелік іс-шараларға, тарихи-мәдени нысандарға, оның ішінде театр қойылымдарына онлайн билетке алдын ала тапсырыс беріп, сатып алуға, қалаға ұшып келетін рейстер кестесін көруге, ұшақ пен темір жол билеттерін сатып алуға, гид-экскурсоводтардың қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Платформаның әсіресе пандемия кезінде танымалдылығы артып, үйде отырып-ақ қызметтерді онлайн алуға септігін тигізді.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды