Вирустың жаңа толқыны салдарынан барлық іс-шара тоқтады

Британдық боксты бақылау кеңесі COVID-19 инфекциясының жаңа толқынына байланысты карантин шектеулеріне орай Ұлыбританияда 2022 жылдың қаңтарында жоспарланған барлық іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Кейінге қалдырылған ең ірі шара 29 қаңтарда Кардиффте (Уэльс) өтетін орта салмақтағы жергілікті Крис Юбэнк (31-2, 23 КО) пен Лиам Уильямстың (23-3-1, 18 КО) жекпе-жегі. Сондай-ақ, Кларисса Шилдс пен Эмма Козин арасындағы әйелдер орта дивизионында көптеген атақтар үшін жекпе-жек болуы керек еді.

Олар елдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанған кезде шайқастардың қай күні өтетінін жариялауға уәде берді.

Бұған дейін 2021 жылдың 6-19 желтоқсаны аралығында Ыстанбұлда бокстан өтетін AIBA-ның әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылға ауыстырылғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр