Вирустың өршуіне кім кінәлі?

Жастардың бейқамдығы, қорғаныс талаптарын елемеуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне алып келді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы (ДДҰ) Тедрос Гебрейесус айтты.

ДДҰ мәліметінше, Солтүстік жарты шарда коронавирус инфекциясының өршуі жастардың әрекетіне де байланысты болған. 

Тедрос Гебрейесус олар да СOVID-19 вирус таралмауы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы керегін атап өтті.

Сондай-ақ, ол жастар коронавирус инфекциясын өзгелеруі жұқтыруы, тіпті аурудан өліп кетуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, әлемде СOVID-19 жұқтырғандар саны 17,3 миллионға жетті. 10,1 миллион науқас жазылды, 673 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Қазақстанда 89 078 адам коронавирус жұқтырды. 59 517 науқас дертінен айықты, 793 адам аурудан көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы