Вирустан тағы 10 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 10 адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 14 желтоқсанда ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 52 жағдайы тіркелді, қайтыс болды – 1 науқас.

Барлығы 2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін: ауырды – 83 557, жазылды - 75699, қайтыс болды 5 192 науқас

. Сондай-ақ министрлік дерегі бойынша 15 желтоқсанда коронавирустың 575 жағдайы анықталды, көз жұмды – 9 адам.

Жалпы пандемия басталғалы індетті 981 435 адам жұқтырды, жазылып шықты – 951 109, қайтыс болды 12 896 адам.