Вирустан өлгендердің саны 361-ге жетті

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 17 205 адамға жетіп, 361 адам көз жұмды. Мұны Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Сенбі күні ғана дерт 14 380 адамға жұғып, 304 адам өлгені хабарланған. Ал 2 желтоқсанда бұл цифр күрт артқан. «Денсаулық сақтау жөніндегі комитет 31 провинциядан (аудан, қала, ауыл) ақпарат жинап, дерт 17 205 адамға жұққаны, оның 2296-сы ауыр халде жатқаны, 361 адам өліп, 475 адам ауруханадан шығарылғаны мәлім болды» деп хабарлады комитет.     

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті