Вируспен ауырғандар бақылауда болады
Бұрын коронавируспен ауырып қосымша ауру тауып алғандар дәрігердердің бақылауында болады. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты.
Алматы, NEGE. «Коронавирустан кейін қосымша ауру жамап алғандар стационардан шыққаннан кейін 3 ай бойы тұрақты түрде дәрігер бақылауында болуы керек. Олардың иммундық жүйесі қатты әлсіреп қалғандықтан – инфекциялық ауруларға бейім болып қалады», – дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.