Вирусологтар Нобель сыйлығын алды

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды, – деп хабарлайды Euronews.

Алматы, NEGE. «2020 жылы физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар – Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа тағайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Вирусты ашу инфекцияны анықтайтын тест жүйесы мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық», – делінген сыйлықты тағайындау туралы мәлімдемеде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?