Вирусқа қарсы вакцинаның бағасы айтылды

China National Biotec Group (CNBG) фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бағасын айтты, – деп хабарлайды CGTN сайты.

Алматы, NEGE. Компания өкілінің айтуынша, China National Biotec Group әзірлеген екі вакцина осы жылдың желтоқсанында нарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Екі вакцинаның бағасы 1000 юаньнан төмен болады (шамамен 62 мың теңге).

Бүгінде вакциналар оннан аса елде қауіпсіздік пен тиімділік сынағының үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

«Он мыңнан аса адам вакцина алып, COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдер мен аймақтарға сапар шекті. Осы уақытқа дейін олардың ешқайсы ауру жұқтырған жоқ. Бұл вакциналардың тиімділігін дәлелдейді», – дейді фармацевтикалық компанияның өкілі.

China National Biotec Group компаниясы жылына коронавирусқа қарсы вакцинаның 300 миллион дозасын шығаруға қауқарлы. 3-6 айдан кейін вакцинаның көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл вакцина өндірісін 1,3 миллиард дозаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды