Вирус жұқтырғандар саны азайды

Ведомство аралық комиссияның хабарлауынша, өткен тәулікте 6314 адам коронавирус жұқтырған. Бқрнағы күндермен салыстырғанда, бұл біршама аз.

Нұр-Сұлтан, NEGE. COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне қарағанда, вирустың таралуы біршама азайған. Өткен тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус жұқтырған еді.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 631 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 748 851 жетті», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді