Вирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты.

Алматы, NEGE. COVID-19 вирусын адамды жұқтырған, 1 млн 756 921 адам көз жұмған. Қауіпті вирус ең көп таралған елдердің көшін АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей бастап келеді.

Қазіргі кезде АҚШ-та коронавирусты жұқтырған адамдар саны 18 млн адамнан асты.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны бойынша жаңа рекорд орнатылғанын айтып, дабыл қақты.

Ұйымның есебі бойынша, соңғы жеті күннің ішінде COVID-19 ғаламшардың 4,6 млн астам тұрғынынан анықталған.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?