Вирус жұқтырғандар саны 105 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 105 миллионнан асты.

Алматы, NEGE.  Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 105 млн 346 мың 199 адамнан анықталды.

Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 296 мың 700 науқас.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.