Вирус жұқтырған балалар бақылауда
Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.
Алматы, NEGE. Вице-министрдің айтуынша, коронавирус бойынша балалар өлімі тіркелген жоқ.
«Бүгінде коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туған нәрестелер – 3, 28 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 337, ауруханаға жатқызылған – 55, амбулаторлық емде – 285. Жеті балаға вирустық пневмонияға тән белгілері бар COVID-19 асқынуы диагнозы қойылды, 3 пациентте пневмония негізінен бактериялық сипатта болды», – деді министрлік өкілі.