Вирус қайтсе жұқпайды?

KAZ.NUR.KZ

Жапондық инфекционист және эпидемиолог дәрігер Сато Акихиро коронавирустың таралуын болдырмау үшін адамдар қандай арақашықтықтықта болуы керектігін айтты деп хабарлайды   РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. 2018 жылы Токио қаласында инфекцияның таралуына қарсы оқу құралын дайындап шығарған Сато Акихироның сөзінше, халық көптеп жиналатын шараларды адам санына қарай шектеудің еш мағынасы жоқ, себебі жиындар ашық аспан астында болсын, ғимарат ішінде болсын, ондағы адамдардың арақашықтығы маңыздырақ.

"Мысалы, бірнеше мың адам көшеде жиналып, бір-бірімен сөйлеспей, олардың арақашықтығы 1,5-тен 2 метрге дейін болса, бұл қауіпсіз жағдай. Ал егер ғимарат ішінде аздаған адам жиналып, бірақ арасы 30 сантиметрден 1 метрге дейін болып, әрі бір-бірімен сөйлескен жағдайда инфекция таралу қаупі жоғарылайды. Бұлай істеудің қажеті жоқ", деді Сато.

 

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды