VIP-сауна жасырын жұмыс істеген

Алматыда VIP-саунаның директоры, қызметкерлері мен клиенттері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Саунаның жұмыс жасау фактісінің анықталғандығын Әуезов ауданының Полиция басқармаларының қызметкерлері тексерді. Ақпарат расталды. Кешеннің әкімшілік директоры, бас есепші, жүйелік әкімші, екі массажист, екі келуші, сондай-ақ ер адамдарға интимдік қызмет көрсеткен екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. “Біз бейнені мұқият зерттеп, карантин кезінде монша кешені келушілерге өз есігін екі рет ашқандығы анықталды: 26 наурыз бен 5 сәуірде. Осы кешенге келген азаматтар анықталып, төтенше жағдайды бұзғаны үшін әрқайсысы ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен түнде олардың екеуі сотталды және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен әкімшілік қамауға алынды. Қалған құқық бұзушыларға қатысты шешім бүгін қабылданады”, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов. Спикердің айтуынша, сауна иесінің жеке басы да анықталған – 1965 жылы туылған С.есімді ер адам, қазіргі уақытта полициядан әдейі жасырынып жүр. “Бірақ ерте ме, кеш пе ол анықталып, жауапқа тартылады. Біз тағы да азаматтарды заңды қатаң сақтауға және қоғамның қауіпсіздігіне бағытталған карантинді бұзбауға шақырамыз”, – деді Тұрсынбетов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?