Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді
Бұған дейін 32 жастағы қазақстандық теннисші Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеп, әлеуметтік желіде жазба жариялаған.
Астана, NEGE. Америкалық теннисші Винус Уильямс қазақстандық спортшы Зарина Диястың әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырып, оған қолдау көрсетті.
«Сен шабыттандырасың! Сені кортта сағынатын боламын!» – деп жазды америкалық спортшы.
Қазақстандық теннисші кәсіби мансабын 2009 жылы бастап, сол жылы-ақ Прагадағы WTA турнирінің ширек финалына дейін жеткен. Ал 2014 жылы ол алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік 50 ойыншысы қатарына еніп, маусымды 34-орында қорытындылаған.
Зарина Дияс WTA рейтингінде 31-орынға дейін көтерілген, екі мәрте Wimbledon турнирінің төртінші айналымына жеткен және 2017 жылы Жапонияда өткен WTA турнирінде жеңіске жеткен.
Соңғы матчын 2026 жылғы Australian Open жарысында өткізіп, алғашқы айналымда Паула Бадосаға жол берді.