Вьетнамның Бас хатшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады, деп хабарлады Ақорда.

Ақорда

Алматы, NEGE. Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды.

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді.

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады