Вьетнамдық компания Qazaq Air-ді 2 млрд теңгеге сатып алады

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. 

Qazaq Air

Алматы, NEGE. «Келісімшарттың бір сатысына қол қойылды. Қыркүйектің аяғына дейін мәмілені аяқтаймыз деп отырмыз. Келісімшартта Qazaq Air-дің бүкіл қарызын өтеу міндеттелген. Төлемнің кезеңі әлі анықталған жоқ. Екіншіден, сатып алушы компанияның Қазақстан ішінде және сыртына тасымал жасайтын 20-дан кем емес әуе көлігін тіркеу міндеттемесі қарастырылған. Жалпы инвестордың өзі 20 емес 50-ге дейін әуе көлігін тартамын деп отыр. Яғни, нарықта тағы бір айтарлықтай күшті ойынша пайда болады деген сөз. Масыл, SCAT компаниясында 50-ге жуық борт, Air Astana-да 54 борт бар. Сонда нарықта солармен шамалас үшінші ойыншы болады. Бұл бәсекеге, билеттердің бағасына оң әсер ететіні сөзсіз. Келісімшарттың құны бар. Меніңше, 2 млрд теңге шамасында болды-ау деймін. Жалған ақпарат болмау үшін қосымша тексереміз, хабарлаймыз», - деді Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды