Вьетнамда вирус өршіді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вьетнамдағы өкілі Кидонг Парк елдегі COVID-19 вирусының өршуіне қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Данангта анықталған вирус COVID-19-ға ұқсайды. Шілдеде бұл вирус басқа елдерге таралған болатын. Осыған қарамастан бұл вирус мутацияланған. Бірақ қатты алаңдауға негіз жоқ. Мәліметтер сәйкес, вирустың жұққыштығы мен қаупі өзгерген жоқ. Мутация барысында ауру қаупінің жоғарылағаны немесе төмендегені туралы дәлел жоқ», – дейді Кидонг Парк.

Ол Вьетнамда анықталған коронавирустың штамы басқа елдердікіне ұқсас екенін атап өтті.

Кидонг Парк Вьетнам билігінің COVID-19 вирусымен тиімді күрес жүргізіп жатқанын атап өтіп, тұрғындарға пандемия кезінде жеке бастың тазалығын, арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып жүруге кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ