Вьетнамда әлемдегі ең ұзын әйнек көпір ашылды
Вьетнамда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ашылды. Жаңа нысан Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы, NEGE. Сәулеттік нысан екі жартасты жалғап тұр. Ұзындығы 632 метр. Көпір жерден 150 метр биіктікте орналасқан. Жоба авторларының айтуынша, одан бір уақытта 450 адам өте алады. Себебі шыны берік, қалыңдығы 40 миллиметр. Айта кетейін, бұған дейінгі рекорд Қытайдағы көпірге тиесілі болатын. Оның ұзындығы 523 метр.