28 июня 2025 г. 18:49

Вьетнам радиосы Димаш Құдайбергенге хабар арнайды

Фото: DimashNews
2025 жылдың 2 шілдесінде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық фан-клубының қызметіне арналған «Idols Talk: Deep» бағдарламасының арнайы шығарылымын ұсынады, деп хабарлайды DimashNews.

Алматы, NEGE. Радиохабар әншінің өнер жолына арналады. Атап айтсақ, қытайлық «Singer 2017» шоуындағы дебютінен бастап әртүрлі музыкалық жанрларды қамтитын халықаралық жетістіктері (классикалықтан қазіргі попқа дейін) қамтылады. Бағдарлама сонымен қатар оның бірнеше тілде, соның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі орындаған әндерін қояды.

Эфирде Димаштың орындауындағы SOS d’un terrien en détresse және Любовь уставших лебедей әндері қойылады.

Хабардың екінші бөлімі Димаштың 2017 жылы құрылған вьетнамдық фан-клубына арналады, клуб мүшелері әншінің шығармашылығына қызығушылық танытады, кездесулер ұйымдастырады, бірнеше тілде контент дайындайды және оның мәдени миссиясын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды үйлестіреді.

Сондай-ақ бағдарламада Димаштың шетелдегі (соның ішінде Қазақстандағы) концерттеріне қатысқан жанкүйерлер туралы естеліктер, фан-клубтың көпшілікке арналған іс-шаралары мен әншімен онлайн форматтағы кездесулері туралы айтылады.

«Idols Talk: Deep» бағдарламасы 2025 жылдың 2 шілдесінде VOV3 (Вьетнам дауысы) арнасында Вьетнам уақытымен 8:30, 15:30 және 19:30-да хабар таратады.