Ветинспектор пара алды деген күдікке ілінді

Петропавлда қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім еткендей, ветеринарлық инспектор базар аумағына қара мал мен шошқа етін міндетті тауар сүйемелдеу құжаттарынсыз кіргізген. Бұл қызметі үшін ол кәсіпкерлік субъектілерінен күн сайын жүйелі түрде 2 мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып отырған деп күдіктелуде. Заңсыз әрекетке барған 3 жеке кәсіпкер де енді жазаға тартылуы мүмкін, оларға қатысты пара беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Бұл факті сыртқы талдау барысында анықталғандай бақылау-қадағалау функциясын жүргізудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуынан орын алды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі аясында жариялауға жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды