Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтан жұмыс режиміне көшеді

Ауыл шаруашылық министрлігі төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшкенін хабарлайды.

Алматы, NEGE. «Қалыптасқан жағдайға - төтенше жағдайға, күшейтілген карантиндік режимге байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Барлық сұрақтарды вотсап-қа 7-747-862-28-79 жіберулеріңізді сұраймыз. Сіз ЕАСУ порталына ресми түрде берген өтінімдердің, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша АШМ және КВКН-ға өтініштердің хаттарының қаралуын жеделдету үшін, Экспорт/импорт мәселелері бойынша консультация алу үшін осы нөмірге смс немесе құжаттардың көшірмелерін жібере аласыз. Жедел түрде жұмыс тобы ВБҚК қарайды және Сізге жауап жібереді» - делінген хабарламада.

 

Қазір оқып жатыр

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді