Венгрия мұғалімдері ереуілге шықты

Мыңдаған мұғалім ереуілге шықты.

Алматы, NEGE. Венгрияда мыңдаған мұғалім ереуілге шықты. Ұстаздарға  студенттер де қосылып наразылық білдіріп жатыр.  Жиналған жұрт білім саласына қатысты жаңа заңға қарсы. Реформаға сәйкес, мұғалімдер енді мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады. Оқытушылардың айтуынша, қазір онсыз да олардың айлығы аз. Енді мұғалімдер  тіпті  түрлі жеңілдік пен  жәрдемақылардан қағылады. Будапештте басталған қарсылық акциясының соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Дүйім жұрт билеуші партияның штаб-пәтерінің алдына жиналды. Халық жалпы білім алуға қолайлы жағдай жасап, мұғалімдердің айлықтарын көтеруді талап етті. Егер жаңа заң қабылданса елде 5 мыңға жуық  мұғалім жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті