Венецияның 25 пайызы су астында қалды 

Маусым айындағы судың күрт көтерілуінен Венецияның 25 пайызы су астында қалды. Қаланың кей жерлерінде су деңгейі 116 см жеткен, деп хабарлайды AP агенттігі.

Алматы, NEGE. Венецияның ең әйгілі Әулие Марк алаңы да су астында қалды. Теңізді мониторингтеу агенттігі шектен тыс судың көтерілуі Атлантикадағы теңіз дауылы әсерінен екендігін айтып отыр. Осы дауыл Италияның солтүстігінде күшті желдің тұруына және нөсер жаңбырдың жаууына да себепші болды. La Stampa басылымының атап өтуінше, маусым айында судың күрт көтерілуі өте сирек жағдай. Соңғы 20 жылда бұл судың екінші рет тасуы. Судың маусым айында ең жоғары көтерілуі 2002 жылы тіркелген. Онда су деңгейі 121 см жеткен. 

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады