Венесуэладағы түрмедегі бүліктен 46 адам қаза тапты

Венесуэланың Гуанаре қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тағы 50-ден астамы жараланған. Ақпарға қарағанда, сотталғандар күзетшілерге шабуыл жасап, абақтыдан қашуға талпынған. Осыдан кейін әскерилер қару қолданып, тәртіпсіздіктер болған. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Себебі ауруханаға жеткізілген қылмыскерлердің көбінің халі нашар. Әзірге бүліктің неден туғаны белгісіз. Жергілікті адам құқықтарын қорғау ұйымының бірі 750 адамға арналған түзеу орталығында 2 жарым мыңнан астам қылмыскер жазасын өтеп жатқанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?