Венесуэлада 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Венесуэладағы Сукре штатының аймағында 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлайды.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша жерасты дүмпулерінің эпиорталығы Гуирия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Тереңдігі 48 шақырым болған.