3 июля 2025 г. 17:28
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты
Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты даулы іс бойынша сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты.
Алматы, NEGE. Ол түрмедегі мерзімінің аяқталғанын, сол себепті бостандыққа шыққанын айтты.
«Бұл амнистия да, шартты түрде босату да емес. Мерзімімнің аяқталуына байланысты бостандыққа шықтым. Алдымен орталық СИЗО-да отырдық, кейін Павлодарда, содан соң Алматыда болдық. Енді отбасымның қасына оралдым, өзімді жақсы сезінемін», – деді Мейірхан Шерниязов.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 19 сәуірінде Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты даулы іс бойынша қамауға алынған еді.
Ал 2023 жылдың 23 маусымында актерлер қаржылық пирамида құрғаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған болатын.