Василий Левит оңбай жеңілді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі Василий Левит Токио төрінде испандық Энмануэль Рейес Пладан айласын асыра алмады.

Алматы, NEGE. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит екінші раундта ойынды тоқтатып, елге қайтатын болды.

Отандасымызды испандық Энмануэль Рейес Плада уақытынан бұрын жеңіп тастады. Екінші раундтың басталған шағында Левидтің қарсыласы оны нокдаунға түсірді. Төрешілер ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Токио Олимпиадасында отандасымыздың тәжірибесі іске жарамай, 1/8 финалдан аса алмай қалды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты