Вашингтонда өзенге құлаған ұшақ бортындағы 64 адам іздестіріліп жатыр

Американың American Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшағы Вашингтон маңында әскери тік ұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Құтқарушылар Потомак өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Washington Post газеті судан көп адамның мәйіті шығарылып жатқанын хабарлады. Ал NBC телеарнасы төрт адамның тірі қалғанын хабарлады.

Әуежай уақытша рейстерді қабылдау және жөнелтуді тоқтатты. Өйткені аймақтың түкпір-түкпірінен құқық қорғау органдарының тікұшақтары оқиға орнын айналып, аман қалғандарды іздеп жатыр. Ал ұшақпен соқтығысқан тікұшақтың бортында үш сарбаз болған.

АҚШ президенті Дональд Трамп оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ұшақ апатын «жаман жағдай» деп атады. Ол апаттың алдын алу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, тікұшақ әуе кемесіне қарай ұшқан.

«Түнгі аспан ашық болды, ұшақтағы шамдар жарқырап тұрды, тікұшақ неге көтерілмеді, төмен түспеді немесе бұрылмады? Неліктен диспетчерлер тікұшақ экипажына дұрыс бағдар беремеген?», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді