Ванга: «Бес екі қатар келген күні қара түнек басып, күн құлайды»

«Ванга бес екі қатар келген күні қорқынышты апат болады деп болжаған. Бұл 2020 жылдың 22 желтоқсаны туралы болып отыр» дейді Ванганың досы.

Алматы. NEGE. «Челнинские Известия» басылымының хабарлауынша, көріпкел бұл Жер тарихындағы ең қауіпті күн деп атады.

«Болгариялық көріпкел пандемия туралы білген. Бұл туралы бір жыл бұрын, желтоқсан айында мәлімдеді. Сол кезде маған ешкім сенбеді», – дейді көріпкелдің досы Сергей Косторной.

Осылай деген Косторной енді пандемиямен қауіптің аяқталмайтынын, жағдай одан да нашарлайтынын айтып отыр. Оның айтуынша, 21 және 22 желтоқсанда Күн планетасында жарылыс болады.

Осы сәт туралы Ванга былай деді: «Біз күн сәулесіне малынамыз, айналаны қара түнек басып, Күн құлайды», – деп еске алады ол.

Косторной астрономиялық құбылыс технологияға емес, адамдардың психикасына және олардың ақыл-ойына әсер етеді деп болжайды.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты