Валерий Рахымжан нысана көздеуден Германиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының спортшысы Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGEz Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады.

Финалда Рахымжан 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.

Аталған бағдарлама түрі бойынша әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық Ху Кай (242.3 ұпай). Үшінші орын неміс спортшысы Кристиан Рейтцке бұйырды (220.8 ұпай).

Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді