Валерий Меладзенің Алматыда өткен концертіне жалған билеттер сатқан күдікті анықталды

Алматыда концертке жалған билеттер сатқан күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алаяқтың құрығына түскендер – Валерий Меладзенің шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар.

Кейбір азаматтар оның концертіне билеттерді хабарландыру сайтынан сатып алуды ұйғарған. Осылайша, олар 29 жастағы А.есімді азаматтың айласына түсіп қалды.

– Шындығында, күдіктіде ешқандай билет болған болмаған. Оның тізбегі мынадай болды: ол билеттер бар екендігі туралы хабарландыруларды орналастырып, билеттер үшін толық төлемді алып, содан кейін телефонын өшіріп, байланысқа шығуын тоқтатқан. А.есімді азамат концерттен кейін де бірнеше билет сатқан. Ол ұсталды және 50 Cent, Akon әртістерінің жақында болған гастрольдік сапарларында осындай алаяқтық жасағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – деді, Алматы қаласы ПД Киберпол басшысы Игорь Пудовкин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті