Вакцинаны мәжбүрлі түрде егуге бола ма?

Қазақстандықтардың көбі вакцина егу науқанына әлі де сенімсіздікпен қарайды. Кейбір адамдар вакцина тиімділігіне сенімсіздік танытса, енді бірі интернеттегі роликтерді көріп шошуда. Міндетті вакцинация олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп есептейді. Шын мәнінде бұл процедура мәжбүрлі ме? Осы сұрақа заңгер жауап берді, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтары.

Алматы, NEGE. Заңгер Таир Насханов вакцинация мәжбүрлі емес, заң бойынша вакцина егу ерікті болып саналады.

Карантиннің басқа шаралары адамдардың құқықтарын бұзып жатқан жоқ па, деген сұраққа заңгер бұл процесс керісінше денсаулықты қорғауға негізделетінін айтты.

“Барлық карантиндік шаралар азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған. ҚР Конституциясының 29-бабында айтылған нәрсенің бәрі. Мұның бәрі қоғам аса қауіпті вирус инфекциясынан құтылуға бағытталған. Сондықтан ешқандай құқық бұзушылықтар жоқ”, – дейді Насханов.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады