Вакцинаға дейін қабылдауға болмайтын препараттар аталды

Адам COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанға дейін немесе одан кейін аллергияға қарсы препараттар қабылдаса, бұл иммундық жауапқа теріс әсер етуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, мұндай дәрі-дәрмек вакцинаға реакцияны азайтуға, қызудың көтерілмеуіне және екпе салынған жердің ауырмауына көмектеспейді.

«Ол тек зиян тигізеді. Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, антигистаминдерді қабылдау вакцинадан кейінгі иммундық жауапқа теріс әсер етуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Роспотребнадзор ақпараты бойынша, антигистаминдер тиісті аллергиялық тарихы бар адамдарға қажет болуы мүмкін.

«Емделуші мұндай препараттарды дәрігердің кеңесі бойынша тұрақты қабылдап жүрсе, екпе үшін оны тоқтатудың қажеті жоқ. Бірақ басқа адамдарға бұл препараттарды қолдануға кеңес берілмейді», –  деді департамент өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды