Вакцинадан бас тартқандар қанша?

2019 жылы екпеден бас тартудың 6003 оқиғасы тіркелді, бұл көрсеткіш бір пайыздан кем. Бұл туралы елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Соңғы жылдары барша әлемдегі сияқты Қазақстанда да екпелерге қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Атап айтқанда, вакциналау арқасында кейбір ауру түрлері толықтай жойылды десек те болады», – деді В. Виниченко Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның пайымынша, вакцинаға қатысты қате немесе орынсыз пікірлер тарап жүр.

«Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны өте көп деген жалған мәлімет. 2019 жылы вакцинадан бас тартудың 6 003 фактісі тіркелді, бұл өз кезегінде 1 пайыздан кем, яғни 0,12 пайыз шамасында», – деп нақтылады дәрігер.

Оның айтуынша, аталған мерзімде 4 841 334 балаға екпе жасалды, соның ішінде иммунизацидан кейін қолайсыз көріністер 143 балада (0,003) байқалды. «Фактіге сүйенсек, 2019 жылы Қазақстанда жарақаттан көз жұмған балалар саны 1 200 болса, ал вакцинадан – 0», – деді Виктория Виниченко.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды