Вакцина салдырмағандар сауда орталықтарына кіре ала ма?

Алматыда екпе салдырмағандарға сауда орталығына кіруге тыйым салу мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.

Алматы, NEGE. Байғабыловтың айтуынша, Ashyq-тағы мәртебесі бейтарап ("көк") адамдарға жұмыс күндері сауда орталығына кіруге тыйым салу жоспарланбайды. Ол тек демалыс күндері сақталады.

"Демалыс күндері "жасыл" мәртебесі барларға ғана нысандарға кіруге рұқсат етіледі, ал жұмыс күндері "көк" және "жасыл" статусы барларға", - деді Сәдуақас Байғабылов.