Вакцина паспортын сатумен айналысқан ағайындылар ұсталды

Алматыда інісімен бірге вакцина паспортын сатумен айналысқан медбике ұсталды.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шара барысында анықтады.

«Біздің назарымызға бірінші болып 22 жастағы А. есімді азамат ілікті, ол ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген. Яғни әлеуетті клиенттер тауып, келіссөздер жүргізіп, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдаған. Ал техникалық жағын қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесі өз мойнына алған. 25 жастағы М. есімді азамат өз кезегінде КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына «клиенттердің» деректерін енгізді. Біз іс жүргізу тәртібімен М. есімді азаматтың жұмыс орнында рұқсатты іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына, кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі айыпталушы да қылмыстық жауапқа тартылды.

Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды