Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов балаларды вакцинаға міндеттеу туралы пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте “Елге Рfizer вакцинасы келсе, екпе алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?” деген сұрақ қойылды. 

"Жалпы қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарабымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз", – деген вице-министрі Марат Шоранов жақында.

Сондай-ақ ол Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы елге жеткізілетінін айта кетті. 

"Бұл мәселе бізде өте ерекше деп есептейміз. Неге десеңіз, біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші үлкен емес – 0,6 пайыз болып отыр. Сондықтан да вакцина салынса балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз", – деді Марат Шоранов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады