Вакцина алған 4 адамнан коронавирус анықталды
АҚШ-тың Орегон штатында екі доза вакцина алған кем дегенде төрт адам коронавирус жұқтырды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Американың NBC медиа-компаниясы хабарлаған. Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен. Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған. Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті. Зерттеуге 300 астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады. Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.