Вакцина адамды қанша уақытқа дейін қорғай алады?

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья Qazvac вакцинасы қанша уақытқа дейін адамды вирустан қорғай алатыны туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында институттың бас директоры ресейлік және отандық вакцинаның қаншалықты адамды қорғай алатыны туралы айтты. Вакциналар толық зерттеуден өтпегендіктен, нақты ақпарат беру қиын екенін жеткізді ол. 

"Спутник V" вакцинасының екі жылға дейін адамды вирустан қорғайтыны әлі дәлелденбеген. Оның зерттеліп жатқанына бар жоғы бір жыл болды. Сондықтан нақты осынша уақыт деп айту қиын. Қазақстандық вакцинаның нақты қанша уақытқа дейін адамды қорғай алатыны туралы үшінші зерттеу фазасы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Дегенмен ғалымдар өздеріне Qazvac вакцинасын салдырғаннан кейін 9 ай уақыт өтті. Осы уақыттың ішінде иммундық жауап өте жоғары болып тұр", - дейді Күнсұлу Закарья. 

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды