Вагнер Лав «Қайрат» командасынан кете ме?

«Қайрат» командасының шабуылшысы Вагнер Лав Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында оның алматылық клубпен келісімшарты ұзартыла ма, жоқ па, соны түсіндірді, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Алматы, NEGE. Бұған дейін шабуылшының «Қайраттан» кеткені туралы қауесет тараған болатын, осы аралықта Вагнер «Ақтөбе» командасымен сырт алаңдағы матчты өткізіп алды. Бұл маусым Лав үшін алматылық клубтағы соңғы маусым болатыны хабарланды.

«Бүгінге дейін біз бұл туралы сөйлескен жоқпыз. Менің бар ойым тобықтан алған жарақатымнан тез айығып, ойынға оралу. Бізді алда маңызды ойындар күтіп тұр.

Жаттықтырушы боласың ба? Бұл туралы ойланған жоқпын, өйткені әлі бірнеше жыл ойнағым келеді. Мен өзімді жақсы сезінемін. Қазіргі уақытта мені жаттықтырушы болу қызықтырмайды», – деді бразилиялық шабуылшы.

Еске салайық, осы маусымда бразилиялық шабуылшы CPL-дің 20 матчында жеті гол, алты нәтижелі пас берді, сонымен қатар Суперкубок пен Қазақстан кубогында төрт матч (1 гол, 2 нәтижелі пас) және еурокубок науқанында он ойын өткізді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды