18 июня 2025 г. 19:13
Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. Спортшы семсер қаруымен айқасудан ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орынға ие болды.
Жартылай финалда Шарлаимов жапониялық Масару Ямадаға жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада еншілесе, үшінші сатыны Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан бөлісті.